Атырау, 26 қараша 16:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ердоған АҚШ-тың «бейбіт жоспарын» басқыншылық жоба ретінде бағалады

3 111 просмотра


АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты «бейбіт жоспар» деп аталатын саясаты шын мәнінде палестиндердің жерін басып алуды заңдастыру болып табылады.  Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Ердоған мәлімдеді.

«Олар мұны «ғасыр келісімі» деп атауда.  Қайдағы келісім? Бұл – басқыншылық жобасы», - деді түрік елінің басшысы.

Түркия президенті АҚШ ұсынған «жоспардағы» палестиндер Иерусалимнің мәртебесінен бас тартқан жағдайда экономикалық жеңілдіктер жасау туралы ұсынысты да сынға алды. «Иерусалим саудаға түспейді», - деп кесіп айтты президент Ердоған.

Түрік президенті «Иерусалимнің мұсылман әлемі үшін қызыл шекара іспетті»екенін айтып, Израиль мен Палестинаға қатысты Трамп жоспарын әділетсіз, жосықсыз жоба ретінде бағалады.   

Дереккөз: Nege.kz

31 қаңтар 2020, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.