Коронавирус әлем елдері бойынша әлі де таралуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы осыған алаңдаулы.
Індет Қытайдан бөлек, тағы 18 елдегі 98 адамда тіркелеген. Бұл туралы осы ұйымы өкілдері хабарлайды. Германия, Жапония, Вьетнам мен АҚШ-та ауру адамнан адамға тараған. Соңғы мәліметке сәйкес, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 9700-ге жуықтады. Ал, кеселден көз жұмғандардың қатары 213-ке жетті. Бұл туралы Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлайды.
Қазір 1300-ден астам нақас ауыр халде жатыр. Тағы 12 мыңнан астам азаматтарда ауру белгілері пайда болды. Алайда оларға нақты диагноз әлі қойылған жоқ. Reuters ақпарат агенттігі коронавирус Қытайдың барлық аумағына таралды деп хабарлады.
Вэнь Юмэй, Қытай вирусологтар және микробиологтар академиясының өкілі: - Біз вирустың өзгеріске ұшырауына жол бермеуіміз керек. Егер мұндай жағдай бола қалса, онда көп мәселе туындайды. Сондықтан мұны назардан шығармауымыз керек деп ойлаймын.
Ал соңғы мәліметке қарағанда, Филиппинде де бір адамның коронавирусқа шылдыққаны белгілі болды. Қауіпті дерт қаңтардың 21-і күні Ухань қаласынан келген 38 жастағы қытайлықтан анықталды.
Еске сала кетейік, қазір коронавирусқа байланысты әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Дереккөз: 24.kz