Атырау, 26 қараша 16:54
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Үндістанда бір адам жаңа типті коронавирусты жұқтырды

2 411 просмотра


Үндістанның Керала штаты Триссур округінде жаңа типті коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. Вирус таяуда Қытайдың Ухан қаласынан келген үндістандық студенттен табылды. 

Ол Ухан университетінде оқиды. Зерттеу нәтижесі жаңа коронавирусқа оң нәтиже берген. Науқас студенттің жағдайы тұрақты, ол оқшауланған жерде толықтай бақылауға алынды, деп хабарлайды India Today. Керала денсаулық сақтау министрі К.К. Шайлаяның айтуынша, 20 сынама зерттеуге жіберілген, соның бірі жаңа коронавирус жұққанын растаған. «Науқас Қытайдан келген, қазір Триссур округіндегі ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады министр. 

«Біз барлық ауруханаларға, соның ішінде жеке ауруханаларға да осындай белгілері бар (коронавирус) науқастарды жіті қадағалау керектігін тапсырдық. Денсаулық сақтау департаменті науқасты оқшаулап, емдеуді бастауға дайын», - деді Керала денсаулық сақтау министрі. Reuters агенттігінің мәліметінше, Үндістан үкіметіндегі шенді шенеуніктердің бірі үндістандық азаматтарды коронавирустың ошағы Ухан қаласынан елге әкелу ауру жұқтыру қаупіне байланысты тиімді жол еместігін айтқан. Осы аптада Үндістан Уханға ұшу үшін ұшақ әзірлеген, бірақ Қытай билігінің мақұлдағанын күткен. 

«Вирусы жоқ азаматтар ғана эвакуацияланады, оларды Дели сыртындағы карантин орталығына жеткізеді», - деді атын атағысы келмеген шенеунік. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2019-nCoV коронавирусының таралуына байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялаған болатын. Өткен тәулікте Қытайда жаңа коронавирустан қаза тапқандар саны 43 адамды құрады. 1982 адам ауру жұқтырған.


Дереккөз: Inform.kz

31 қаңтар 2020, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.