АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ресми іссапармен Киевке барды. Іссапар барысында Помпео Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Қырым аннексиясы, Донбасс жағдайын талқылайды. Handelsblatt неміс басылымының хабарлауынша, тараптар президент Трамптың импичменті мәселесіне «себепкер» болған жағдайды да сөз етуі мүмкін.
Себебі бұл мәселе АҚШ пен Украинаға тікелей байланысты. Помпео Украинаға қаржылық және әскери көмек беруді де талқылайды. АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен. 20 қыркүйекте АҚШ Конгресс өкілдерінің палатасы Украинаға әскери көмекке $ 250 млн бөлуді мақұлдады. Тиісті тармақ Федералдық үкіметті уақытша қаржыландыру туралы конгрессмендер бекіткен заң жобасында жазылған. Былтыр тамызда Уашингтон Киевке әскери көмек беру шешімін қайта қарамақ болған. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон болды. Айта кетейік, Майк Помпео посткеңестік елдерге қаңтардың басында келуі тиіс еді. Бірақ АҚШ-Иран қақтығысына байланысты Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Кипрға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырылған.
Дереккөз: Qazaqtimes.com