Атырау, 26 қараша 16:44
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ДДСҰ коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялады

3 227 просмотра


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. Дегенмен ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус халықаралық іс-сапарлар мен саудаға шектеу қоюға негіз жоқ деді.

Қытайдан тыс аумақта вирусты жұқтырғандар саны 100-ге жетті. 18 елден вирус табылған. Қытайдың өзінде вирусты жұқтырғандар саны он мыңға жуықтап, кемінде 213 адам өлген. 12 мыңнан астам адамнан коронавирус белгілерін іздеп жатыр.

Бірнеше қалада карантин жарияланып, жабылды. Онда барлығы 60 миллион адам тұрады. Қытай дәрігерлерінің айтуынша, вирусқа қарсы екпені сынақтан өткізу үшін кемінде үш ай керек.

2009 жылдан бері ДДСҰ осымен алтыншы рет халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялап отыр. Соңғы рет ұйым 2019 жылы Конго демократиялық республикасында Эболаның жаппай таралуына байланысты осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. 2020 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша, бұл аурудан 2236 адам өлген.

30 қаңтарда Қазақстандағы жағдайды баяндаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 38 адамнан коронавирус белгілерін іздеп жатыр, олар ауруханада жатыр деп мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы


31 қаңтар 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.