Атырау, 25 қараша 04:10
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТЖ: аттестация қорытындысы

2 492 просмотра

14 қарашада ТЖ департаменті өткізілген аттестация қорытындыларын жариялады.

ТЖД бастығы полковник Болатбек ОМАРОВТЫҢ айтуынша, аттестациядан 493 адам өтуі тиіс болған. Алайда одан 24 адам бас тартып, жұмыстан кету туралы рапорт беріп, оларға басшылық кешіктірмей қол қойыпты.

Аттестация қорытындысы бойынша 29 адам жоғары сатыдағы лауазымға ұсынылып, 315 адам – атқарып отырған лауазымына лайықты, 31 адам – лайықты емес деп танылып, лауазымын төмендетуге ұсынылды;  34 адам – басқа жұмысқа ауысуға ұсынылып, 39 адам – лауазымына лайықты емес деп танылып, жұмыстан шығаруға ұсынылған.

20 әйел қызметкер босанудан кейінгі демалыста, олар аттестациядан жұмысқа шыққаннан кейін өтпек, ал 1-еуі емтихан кезінде сырқаттанып жатқан.

63 адамның жұмыстан қатар кетуі қалай әсер етеді (аттестациядан өтпегендерге бас тартқандарды қосыңыз)? Б.Омаровтың айтуынша, әңгіме негізінен қатардағы өрт сөндірушілер туралы болып отыр екен. Бір айдан кейін, қызметкерлердің толығатынына ТЖ департаментіндегілер уәде етіп отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

14 қараша 2012, 20:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.