Атырау, 26 қараша 16:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Ресей кезекті мәрте Батыс елдерінің санкциясына ілікті

2 328 просмотра


Еуропалық одақ, АҚШ және Канада «агрессиялық саясат ұстанып, Қырымды жаулауға тырысқаны үшін» Ресейге қарсы экономикалық санкция енгізді. 

Мәліметтер бойынша, Ресейдің қолдауына ие болып, Қырымда заңсыз әрекет етіп отырған сегіз адамға санкция енгізілді. Сонымен қатар, АҚШ-тағы жеке темір жол компаниясының активтері бұғатталады. Еуроодақ жеті адамды, ал Канада алты адамды «қара тізімге» енгізген. Ресей 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялаған. Мәскеудің бұл әрекетіне Украина, АҚШ және Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер қарсылық білдіріп, Ресейді «агрессиялық саясат ұстанатын мемлекет» деп атаған. Әлі күнге дейін АҚШ, ЕО, Түркия, Украина Қырымды Ресей жері ретінде мойындамайды. 

2018 жылы 25 қарашада Ресей арнайы жасағы Азов теңізінде Украина әскери теңіз күштеріне тиесілі үш бірдей кемеге шабуыл жасап, басып алған болатын. Осыдан кейін Украина қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, ел президенті Петр Порошенко соғыс жағдайын енгізген. Екі ел арасындағы текетірес НАТО мен ЕО елдерін және АҚШ-ты бей-жай қалдырған жоқ. НАТО Ресейден Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарауды талап етсе, Уашингтон Мәскеуді «агрессиялық мемлекет» деп айыптады. 

Германия СІМ 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен Керштегі жағдайды ескере отырып, Ресейге қарсы санкцияны күшейтетінін айтқан. Сондай-ақ Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер және НАТО толығымен Украинаға қолдау білдірді. 

Дереккөз: Qqazaqtimes.com

30 қаңтар 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.