Былтыр сәуірден бері БАҚ саласындағы басты орындардың бірінде қызмет еткен Саида Мирзиёева президент әкімшілігіне өтініш жазып, жұмыстан кетті.
Саида Мирзиёева өзінің бұл шешімі туралы президент әкімшілігі басшысының төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында Өзбекстанның ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары лауазымын босататыны туралы мәлімдеді. Ташкенттің ханшасы мемлекеттік емес секторда жұмыс істемек ойын бөлісті. Ол өзінің агенттікте атқарған жұмысы жөнінде есеп берген. Жиынға қатысушы өзге де шенеуніктер Саида Мирзиёеваның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы демократиялық реформалары, журналистер мен блогерлерді қорғау, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен байланысын нығайту саласындағы еңбегіне жағымды пікір білдірді.
Дереккөз: Qazaqtimes.com