Атырау, 20 шілде 03:52
Таңертең ашық+31, күндіз +36
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Бұлыңғыр тариф

14 қараша 2012 19:06

15 қараша күні сағат 11-де Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінде «Атырау-Жарық» АҚ үшін 2013-2015 жылдардың шекті тарифін бекіту жөніндегі жұртшылық тыңдауы өткізіледі.

7 қараша күні табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген журналистермен кездесуде аймақтық электр торабы компаниясы (АЭК) басшылығының буалдыр жауабынан облысымызда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының қанша пайызға қымбаттайтынын анықтау мүмкін болмады.

 

ШЕГІ ЖОҚ ХИКАЯ

Қызықты цифрлар: 2009 жылы бекітілген АЭК-тің құны 3 млрд 787 млн теңге болатын 2010-2012 жылғы инвестициялық бағдарламасы энергияны тасымалдау тарифін 1 кВт/сағат үшін 2,77-ден 4,42 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз), яғни 59 пайызға дейін көтерген еді. Ал АЭК-тің инвестициялық бағдарламасына алдағы 3 жылға енгізілген жұмыс құны, алдын-ала мәліметтер бойынша, 7 млрд теңгені құрады.

«Атырау-Жарық» АҚ вице-президенті Максим КЕНЖЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, «жетпіс пайызға өскен» жаңа тариф республикалық Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде бекіту процедурасынан өтіпті.

Алайда, АЭК-тің бірінші басшысы Айвар РАХМАНОВТЫҢ айтуынша, әзірге қандай да болмасын электр энергиясының қымбаттауы туралы айтуға ерте екен.

АЭК басшысы агенттікте инвестициялық бағдарламаларды алғаш рет мақұлдатып отырған жоқ. Ол 2008 жылы агенттік «Тарифті инвестицияға алмастыру» саясатын бастаған кезде алғашқы тәжірибесін жинақтаған еді. Бұған дейін, А.Рахмановтың айтуынша, 8 жыл бойына агенттік АЭК үшін кәсіпорынға тек пайдалану шығындарын ғана жабуға мүмкіндік беретін тарифті бекіткен. Сондықтан негізгі құралдар жаңартылмаған. «Тарифті инвестицияға алмастыру» аясында агенттік 2008-2009 жылдарға, содан соң 2010-2012 жылдарға АЭК-тің инвестициялық бағдарламасын бекітті.

2008 жылдардың басында «Атырау-Жарық» АҚ активтерінің құны 1 млрд 182 млн теңгеге бағаланды. 4 жылдан кейін бұл цифр 5 млрд 847 млн теңгеге дейін, яғни 5 есеге дерлік өсті. Ағымдағы жыл аяғына дейінгі болжам бойынша тағы да – алдын-ала 7,5 млрд теңгеге дейін өседі. А.Рахманов тарифті көтеруден түскен ақшаларды энергішілердің өндірісті капиталдандыруға салып жатқандығын атап өтті. М.Кенжеғалиев бүгінгі күні тек 78 қосалқы стансаның тек 14-і ғана жаңартылғанын айтты. Соған қарағанда, агенттіктің тарифтік саясат жүгін облыс тұрғындары әлі де ұзақ көтеріп жүретін секілді.

 

БЕНЧМАРКИНГ -ЖАҢА ӘДІС

Ал АЭК басшылары электр энергиясының қаншалықты қымбаттайтындығын ақыры айтқан жоқ. М.Кенжеғалиев агенттіктің АЭК үшін тарифтерді бекітудің бенчмаркинг деп аталатын салыстырмалы жаңа әдісін енгізгендігіне сілтеді. 

Бұрын монополист агенттікке өз шығындарын сметаның 50 бабы бойынша негіздейтін. Енді тариф өте күрделі сызба бойынша, елдің барлық 24 АЭК қызметін әлдебір қызмет үлгісімен салыстыру арқылы бекітілетін болады. 

- Формула күрделі болғандықтан, біз де, тіпті агенттіктегілер де 2013 жылдың басында электр энергиясының тарифі қандай болатынын әзірге айта алмаймыз, - деп мәлімдеді М.Кенжеғалиев.

А.Рахмановтың баяндамасынан үзінді: шекті тарифті бекітуден алынған инвестицияларға 2010 жылы «Южная» және «Локомотивная» төмендеткіш қосалқы стансалары қайта жарақталып, трансформаторлық қосалқы стансалардың қуаттылығы көбейтілді. 2011 жылы «Строительная» және «База ГРЭС» төмендеткіш қосалқы стансалары,  0,4-6-10 киловольтты тозығы жеткен тораптар қайта жарақталып, диагностикалық жабдықтар, автокөлік сатып алынып, электр қуатын коммерциялық есептеу аппаратын монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Журналистер мұндай жағдайда неліктен Атырау ықшамауданында әлі де жарықтың өшіп қалатындығын, ал үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Бірлік поселкесінде кернеудің қуатты құбылуы әсерінен көптеген ауыл тұрғындарының тұрмыстық техникасы жарамсыз боп қалғанын сұрады. 

«Атырау-Жарық» АҚ вице-президенті Серік ТҰРДАЛИЕВ  «бұл электр тораптары қалалық әкімдікке тиесілі» деп қысқа жауап қайырды.

МЫЛҚАУ КУӘГЕРЛЕР

АЭК бағдарламасымен қатар жергілікті бюджет пен «Аджип ККО» компаниясының қаржыларына жүргізілген энергетикалық инвестициялық бағдарлама нәтижелері туралы қойылған сұраққа қатысты А.Рахманов бұл ақшаларға «Северная» мен «Старый город» қосалқы стансалары, сондай-ақ, «Северное кольцо» мен «Южное кольцо» электр тарату желілері салынғанын айтты.

Бұл тораптар 2006-2011 жылдары салынған. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасы  мердігерді таңдаумен айналысатын бағдарлама операторы боп табылады. Қымбат тұратын осынау нысандар салынды, бірақ әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Шамасы, осы факті мен ТКШ және энергетика басқармасы бастығының бюджет қаржыларын меншіктеп, ысырап етті деген айыппен тергеліп жатқандығы арасында тікелей байланыс бар болуы ықтимал.

- Ал Атыраудың энергетикалық жүйесі оларды қосуға қатты мұқтаж болып отыр, - дейді А.Рахманов.– Энергия беруші екі нысан да – ЖЭО мен электр қуатын республикалық «KEGOC» торабынан жеткізетін №220 қосалқы станса қаланың сол жақ жағалауында орналасқан. Жайық өзенінің екі жағалауын байланыстыратын жалғыз ғана энергетикалық желі №220 қосалқы стансасы мен «ҚазТрансОйл» ҰК АМБ арасында созылып жатыр. Егер бұл жерде ірі апат орын алса, оң жақ жағалау ұзақ уақыт жарықсыз қалмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1434 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости