Атырау, 26 қараша 16:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

2 107 просмотра


Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 974 адам болса, оның 132-сі қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости.  Ал кеше 4 515 адам вирус жұқтырып, 106 адам қаза тапқаны ресми түрде хабарланған.  

Бір күнде қытайлық билік тағы 1459 адамның ауруды жұқтырғанын және 26 адамның қаза тапқанын анықтады. Ауруханадан 43 адам шыққан.  "28 қаңтар денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша,  31 провинцияда 5 974 адам вирус жұқтырғанын және 1239 адам ауыр жағдайда жатыр. 132 адам қаза тауып, 103 адам ауруханадан шықты", - делінген ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің хабарламасында. Одан бөлек, Гонконгте - сегіз, Макаода - жеті және Тайваньда - сегіз адам қауіпті вирусты жұқтырған. 

Сонымен қатар, 9 239 адам коронавирусты жұқтырды деген қауіп бар. Бүгінде аурулармен жақын араласқан 59 990 адам бақылауда. Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 қаңтар 2020, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.