Қытайдағы қауіпті жаңа вирус әлем елдерін алаңдатып отырғаны белгілі. Соңғы ресми мәліметтерде коронавирусқа 3 мыңнан астам адам шалдыққан, қазірге дейін 81 адам көз жұмды.
Коронавирус қалай пайда болады? Несімен қауіпті? Коронавирустың 38 түрі бар, олардың алтауы (жаңа вируспен жетеуі) адамға жұғатыны белгілі. Коронавирус бұған дейінді адамзатқа қауіп тудырған. 2003 жылы «Тыныс жолы синдромы» немесе SARS тараған болса, 2012 жылы Таяу Шығыста MERS вирустарынан бірнеше жүз адам қаза тапқан болатын. Қытайдағы жаңа қауіпті вирус таралуы жұрт ойлағаннан әлде қайда тез таралуда. Қытай басшысының өзі де билік партиясының отырысында елдің қауіпті жағдайда тұрғанын мәлімдеді.
Ал, АҚШ денсаулық сақтау саласының сарапшылары вирустың қауіпті деңгейде екені жөнінде ескерту жасады. Тіпті олар қауіпті вирус 65 миллион адамның жанын жалмауы мүмкін деп болжаған. Джонс Хопкинс денсаулық сақтау орталығының зерттеушілері зерттеу барысында компьютерде гипотетикалық пандемия моделін жасаған. Олардың модельдеуі көрсеткендей бұл жаңа вирустан 18 ай ішінде әлемде 60 млн адам көз жұмуы мүмкін екен. Аталған орталықтың зерттеу қорытындысын electroverse.net сайты 25 қаңтар күні жария еткен. Вирустың неден пайда болғаны туралы түрлі болжамдар бар.
Тіпті, тышқаннан, жарқанаттан, жыланнан деп болжаған түрлі қауесест жұрт арасында желдей еседі. Біреулері дерттің қайнары Ухандағы теңіз өнімдерін сататын базар деп нұсқаса, біреулер сол базарға жақын жердегі қауіпті вирустарды зерттеу орталығы деп көрсетеді. Мейлі қалай болса да, бұл қауіпті вирус Қытайды ғана емес әлем елдерінде алаңдатып отыр. Кейбір тәуелсіз сарапшылар адам өлімі туралы ресми мәліметтер нақты жағдайдан әлде қайда алшақ жатыр, Қытай билігі мақсатты түрде нақты жағдайды жасырып отыр деп санайды. Егер Қытайдағы әлеуметтік желіде тарап жатқан бей ресми болса да сенуге тұрарлық кей мәліметтерге назар салсақ мыңдаған адамның көз жұмғаны да айтылады.
Дереккөз: Qazaqtimes.com