Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі. Reuters агенттігі Bombardier E-11A ұшағы тәлібтер бақылауындағы аумаққа құлағанын және ұшақты тәлібтер атып түсіргенін хабарлады.
Бұған дейін оның жолаушылар ұшағы екені айтылған. Апат 27 қаңтарда Ауғанстан шығысындағы Газни провинциясында орын алған. Ұшақ бортында 83 адам болғандығы айтылды. Ресми Пентагон Bombardier E-11A әскери мақсаттағы ұшақтың Америкаға тиесілі екенін растады. Ұщақ әскер, барлау және ұшқышсыз ұшақтарды басқаруға арналған мобильді торап қызметін атқарған. Кей деректер АҚШ-тың бес, кейбір деректер 10 әскери қызметкері өлгенін айтады.
Дереккөз: Qqazaqtimes.com