Атырау, 19 сәуір 19:16
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Коронавирус: Атырауда Қытай азаматтарының тізімі жасалуда

4 366 просмотра


Атырау Халықаралық әуежайында тепловизор арқылы халықаралық рейспен келген ҚХР азаматтары ғана өтеді. Қытайдан Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы транзитпен келетін жолаушылар шекаралық бақылаудан өткен кезде тексеріледі.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен болған кездесуде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ айтты.

Қазіргі уақытта Атырау дәрігерлері жақында Қытайға барып келген 173 облыс тұрғынының жағдайын үнемі қадағалап отыр. Коронавирустың инкубациялық кезеңі - 14 күн.

 - Атырауға келген қытайлық азаматтардың нақты саны анықталуда, тізім жасалып жатыр, - деп атап өтті Б.Ғазизов.

Естеріңізге салсақ, Атырауда қытайлық 26 компания және қытайлық үлесі бар кәсіпорындар жұмыс істейді.

№2 облыстық ауруханада коронавирусқа шалдыққан науқастар анықталған жағдайда арнайы палаталар, ал №1 облыстық ауруханада және облыстық балалар ауруханасында - науқастармен байланыста болған адамдарға арналған кереуеттер дайындалған.

Облыс дәрігерлері коронавируске шалдыққан науқастар анықталған жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренді. Облыс дәрі-дәрмектермен толық қамтылған, бұдан басқа, қосымша дәрі-дәрмектерге тапсырыс берілді деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

27 қаңтар 2020, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.