Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында Ariana Afghan Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
1TV ауғанстан телеарнасының хабарлауынша, қазіргі мәліметтер бойынша ұшақ бортында 83 адам болған. Tolo News басылымының айтуынша, әуе кемесі «Талибан» қозғалысы аумағына құлаған. Ұшақ Дубайдан Кандагарға бағыт алған.
Дереккөз: Inform.kz