Атырау, 22 қаңтар 03:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 506.70
€ 593.14
₽ 6.53

Ресейден Қазақстанға қауіпті банандардың көлемді партиясы кіргізілмек болған

3 526 рет қаралды


Ресейден Қазақстанға әлеуетті қауіпті банандардың көлемді партиясы кіргізілмек болған, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан ел аумағына қаупі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.

Дереккөз: ҚазТАГ

27 қаңтар 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.