Ресейдің үкімет басына келген Михаил Мишустиннің миллиардер қарындасы БАҚ назарына ілікті. Мәліметтерге қарағанда жаңа премьердің қарындасы Наталия Стенинаның Мәскеуде құны 1 млрд АҚШ долларына тең жылжымайтын мүлкі бар.
Соңғы кездері ресейлік шенеуніктердің иелігіндегі жылжымайтын мүліктер «Ресей Федерациясының иелігінде» деп көрсетіле бастаған. Бұл әрине сырт көзге солай болғанымен қазіргі премьер Мишустин басқарып келген Федералдық салық қызметінде оның нақты иелері белгілі. Бірақ, бұндай мәліметтер көпшілікке қол жетімді емес. Жаңа премьердің миллиардер қарындасы.
Наталия Стенина Мәскеудегі Knightsbridge Private Park комплексіне иелік етеді. Ондағы пәтерлердің әр шаршы метрі қазіргі нарықта 1 млн рубль деп бағаланған. Бірақ, бұл комплекс Стенинаға тиесілі бағалы жылжымайтын мүліктердің бірі ғана. Мәскеудегі Knightsbridge Private Park комплексі.
Ресей лауазымдыларының дүние-мүлкі туралы зерттеп көрген BBC журналистері жоғарыдағыдай әдістермен мүлік иелену сол елдегі жоғары лауазымдылар арасында қалыпты құбылыс саналатынын айтады.
Дереккөз: “The Qazaq Times”