Индонезияның батысындағы Суматра аралы жағалауында кеменің аударылуы салдарынан он адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Star газетіне сілтеме жасап.
«Кеме бортында 20 адам болған. Он адам құтқарылды, тағы 10-ы із-түзсіз жоғалып кетті», - деп мәлімдеді жергілікті билік өкілдері. Қайықта жұмыс іздеп Малайзияға бара жатқан заңсыз мигранттар болған. Апат болған аумақта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Дереккөз: Inform.kz