Атырау, 5 желтоқсан 08:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Үш балықшы Каспий теңізіне батып кетті

2 093 рет қаралды

АСТАНА, 14 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Маңғыстау облысында өткен аптада балық аулау кезінде үш балықшы Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды республикалық ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада Түпқараған ауданы аумағында орын алған.

«Кеше олардың екеуінің мүрделері табылып, судан ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД-нің су-құтқару күшімен шығарылды. Үшінші балықшыны іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру операциясына су-құтқару қызметінің жеті  адамы мен бір техникасы жұмылдырылған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

14 қараша 2012, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.