Атырау, 23 қараша 14:06
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соққы қатты болғанмен, адамдар аман қалды

4 714 просмотра


20 қаңтарда кешкі сағат 8 шамасында Атырау – Махамбет трассасының Бейбарыс (Чкалово) ауылының тұсында Lada Largus пен «Нива» көліктері қатты жылдамдықта бетпе бет соқтығысып қалды. Бұл оқиға артта келе жатқан басқа көліктің видеорегистраторына жазылып қалған.

Бейнежазбада қатты соққы болғаны  байқалады, бірақ «АЖ»-ға белгілі болғандай, адам шығыны болмаған. Жол көлік оқиғасы салдарынан екі көліктегі жеті адам әртүрлі жарақат алған, қазір олар Махамбет аудандық ауруханасында ем алуда. Жарақаттанғандар «жедел жәрдем» жеткенін күтпей, жолшыбай көліктермен аудандағы ауруханаға өздері жеткен.


Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны растап, қазір тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

21 қаңтар 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.