АСТАНА, 14 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Дарья Клебанованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі парламенттен.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Мұрат Әбенов пен Дарья Клебанованың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.
Депутат М. Әбенов бұған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған еді. Ал, Мәжіліс депутаты Д. Клебанова өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы өзі өтініш жасаған.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.