Атырау, 25 қараша 18:06
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң қабылдады

3 246 просмотра
/2

АСТАНА, 14 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасының мәжілісі сенаттың «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына енгізген түзетулері мен толықтыруларымен келісті, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі парламенттен.

Осылайша құжат қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Қабылданған бюджетке сәйкес бюджет тапшылығы 2013 жылы 2,1 пайыздан 2015 жылға қарай 1,5 пайызға дейін төмендетіледі. Болжанатын түсімдерді және тапшылықтың жоспарланып отырған төмендетілуін негізге ала отырып, бюджет шығыстарын 2013 жылы 6 трлн. 220,3 млрд. теңгеден 2015 жылға қарай 7 трлн. 124 млрд. теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған.

Бюджетке түсімдер 2013 жылы 5 трлн. 435,1 млрд. теңгеден 2015 жылы 6 трлн. 388,2 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

14 қараша 2012, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.