Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон суретке түсу кезінде Ресейдің президентін таба алмай, абдырап қалды. Бұл Берлинде Ливия жөніндегі конференция кезінде болған, деп хабарлайды Sputnik Франция.
Видеода саммитке қатысушылар фотоға түсуге жиналғаны көрінеді. Ресей басшысы әлі келген жоқ. Мемлекет басшылары бір-біріне қарап, Германия канцлері БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештен Путиннің қайда екенін сұрады.
Бірер сәттен соң Ресейдің президенті әріптестеріне қосылды. Меркель оған суретке түскен кезде қай жерде тұруы керек екенін көрсетті.
Дереккөз: Sputniknews.kz