Атырау, 4 қазан 06:46
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

20 штат АҚШ құрамынан шығуға тілек білдірді

1 725 просмотра

100 мыңнан астам америкалық өз штаттарын ел құрамынан шығару туралы петицияға қол қойды. Өтініштер Ақ Үйдің интернет сайтында «Халық» атты бөлімінде жарияланды. Сайтта тілек білдіргендердің барлығы өз өтініштерін жаза алады немесе жарияланған өтінішке қосыла алады.

ВЕСТИ.ru хабарлағандай, жалпы 20 штаттан, атап айтсақ, Техас, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Алабама, Джорджия, Флорида, Индиана, Мичиган, Теннесси, Луизиана, Кентукки, Арканзас, Колорадо, Солтүстік Дакота, Орегона, Миссисипи, Миссури және Монтана штаттарынан петициялар түсті.

Аталған штат тұрғындары АҚШ құрамынан шығып, жеке жаңа үкімет құрмақ. Олардың көбі адам құқықтарының бұзылуына наразылық білдіруде.

Мәліметте көрсетілгендей, Ақ Үй петицияға ресми түрде жауап беруі тиіс.

Дереккөз: bnews.kz

13 қараша 2012, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.