Иран тарапы Тегеранда апатқа ұшыраған Boeing ұшағының қара жәшіктерін Украинаға жіберетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал жазбаларды оқуға Франция, Канада, АҚШ мамандары көмектеседі. Бұл туралы осы елдің Азаматтық авиация ұйымының төрағасы мәлімдеді. Егер Украинада жазбаларды оқу мүмкін болмаса, олар Францияға жөнелтіледі. Бірақ Иран өкілдері бұл іске қатыспайтынын айтты.
Еске сала кетейік, қаңтардың 8-і күні «Украина әуе жолдарына» тиесілі Boeing ұшағы Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң көп ұзамай апатқа ұшырады. Лайнерде болған 176 адамның бәрі қаза тапты. Тегеран бастапқыда ұшақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшырады деп мәлімдеп, кейін оны әскерилердің зымыранмен қателесіп атып түсіргенін мойындады.
Дереккөз: 24.kz