Атырау, 25 сәуір 21:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Тоқаев отставкаға жіберген экс-қорғаныс министрі тергеуге алынды

9 337 просмотра


Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов тергеуге алынды.

Караван газетінің хабарлауынша, Сәкен Жасұзақовпен бірге бірқатар жоғары лауазымды әскери шенділер тергеуге алынған. Бірақ олардың аттары әзірге жұмбақ. Құзырлы органдар ешқандай мәлімдеме жасай қоймады. 

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы 1957 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі бас штабының бөлім басшысы (1992-1994 ж), ҚР Қарулы күштері бас штаб басшысының орынбасары (1996-2000 ж), ҚР Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы (2000-2002 ж), Мобилді күштер басшысы (2002-2003 ж), «Шығыс» аймақтық әскери бөлімінің басшысы (2004-2007 ж), Құрлық әскерінің басшысы (2009-2016 ж), ҚР Қорғаныс министрі (2016-2018 ж), Қорғаныс ұлттық университетінің басшысы (2018-2019 ж) қызметтерін атқарған. 2019 жылы Арыс оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен отставкаға кеткен. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

18 қаңтар 2020, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.