Атырау, 25 қараша 00:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шыдам шыңға жеткізер

1 704 просмотра

9 қарашада облыстық драма театрында «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы жиналған (немесе, дәлірек айтқанда, әкелінген) қала тұрғындарын «Халықтық ІРО» аясында компания акциясын сатып алуға өтініштер беру процедурасымен таныстырды.

Бүгінгі күні директорлар кеңесінің үштен бір бөлігін тәуелсіз директорлар құрап отыр. Олар ең алдымен акционерлердің мүдделерін қорғайтын болады, - деп мәлімдеді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қайыргелді ҚАБЫЛДИН. – Біздің акционерлеріміз болып жатқан жағдайдан хабардар болу үшін тоқсан сайын ҚТО қызметі туралы қаржылық есептемелерді жариялап, сондай-ақ акционерлерге акциялардың құнына әсер етуі мүмкін негізгі өзгерістер туралы хабарлап тұратын боламыз.

Қабылдиннің айтуынша, Халықтық ІРО-ны жүзеге асыру барысында «ҚазТрансОйл» 38 млн-нан астам қарапайым акцияны орналастыруды жоспарлап отыр. Оларды биылғы жылдың 5 желтоқсанына дейін қарапайым азаматтар мен зейнетақы қорлары бір данасын 725 теңгеден сатып ала алады. Бүгінде Атырауда ҚТО акцияларын сатып алуға 7 мыңнан астам адам өтініш берген. Олардың көпшілігі – ҚТО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері. Халықтық ІРО бағдарламасын жүзеге асыру барысында «ҚазТрансОйл» 28 млрд теңге қаржыға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл қаржылар инвестициялық тартымды жобаларға жұмсалатын болады. Мысал ретінде, Қаламқас – Қаражамбас – Ақтау және Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбырларының өткізу қабілетін кеңейту, Қытайға бағытталған мұнай құбырын кеңейту жобалары аталды.

Залда отырғандарды дивидендтерге салық салына ма, акцияларды кері өтеуін төлеп алу процедурасы қарастырылған ба, осы мәселелер қызықтырды.

«ҚазТрансОйл» өкілдері дивидендтерге салық салынбайтындығын, ал акцияларды кері өтеуін төлеп алу процедурасы анағұрлым күрделі екендігін, бірақ оларды әрқашан да биржа арқылы сатуға болатынын айтты. Акцияны сатып алу қысқа мерзім ішінде салмақты табыс әкелмейтіндігін, оның ұзақ мерзімді жоба екендігін де атап өтті.  

Халықтық ІРО туралы толық ақпаратты 8 800 080 50 70 (ҚР бойынша қоңырау тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

13 қараша 2012, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.