Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ливияға әскер аттандырмақ. Ердоған Түркияның оңтүстігінде тұрақтылықты сақтау үшін саяси және әскери күштің барлық түрін пайдаланатынын айтып, тоғыз ай бойына ұрыс қимылдары жалғасып келе жатқан Ливия мәселесіне араласуын тоқтатпайтынын айтты.
Осы аптада Трамп пен Ердоған Сүрия мен Ливиядағы жағдайды, сондай-ақ Ирандағы қақтығыстарды талқылаған болатын. 12 қаңтарда Ливияда Ресей мен Түркия президенттері ұсынған бастаманың шеңберінде Триполидегі Ұлттық келісім және фельдмаршал Халифа Хафтар басқаратын Ливия ұлттық армиясы арасындағы кофликтті тоқтату режимі күшіне енді. 13 қаңтарда Мәскеуде екі ел өкілдері ресми кездесу өткізіп, Ливияда бейбіт жағдай режимін орнату туралы келісімге қол қойды. Бірақ, фельдмаршал Халифа Хафтар ешқандай келісімге қол қоймастан Мәскеуден кетіп қалған.
14 қаңтарға қараған түні Хафтар Триполидің оңтүстігінде қақтығыстардың қайта жанданатыт туралы мәлімдеме жасады. Сол себепті Түркия мен Ресейдің Ливиядағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қадамы сәтсіз боп тұр. Жақында Ливия қақтығысына байланысты Берлин саммиті өтеді. Онда Германия, Ресей, Ұлыбритания мен Италия президенттері бас қоспақ.
Дереккөз: Qazaqtimes.com