Аустралиядағы өрттің қандай зардап әкелгенін The Guardian жариялаған тоғыз аэрофотосуреттен байқауға болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бүгінгі таңда Аустралияда 10,7 млн гектар жер өртеніп кетті. Бұл - Оңтүстік Корея мен Португалияның жалпы аумағынан да көп жер. «Бірнеше айға созылған өрт дағдарысы алты штаттан байқалады. Бір ғана Жаңа Оңтүстік Уэльстегі мегаөрттің аумағы 512 626 гектарды қамтиды. Ал өткен аптада Викторияның солтүстік шығысындағы өрт ошақтары бірігіп, мемлекеттік шекарадағы өрт кешенінің пайда болуына алып келді», деп жазады басылым. Мына тоғыз суретте өртке дейінгі және өрттен кейінгі көрініс бейнеленген.
Дереккөз: Inform.kz