АҚШ Жапонияның Окинава аралына WC-135W Constant Phoenix радиотехникалық қамтамасыз ету ұшағын жіберді. Бұл туралы Aircraft Spots сервисі хабарлады.
Ұшақ ядролық қару сынақтарынан туындаған зиянды анықтауға арналған. Американың бұл қадамы Жапонияны Корея түбегіндегі шиеленістің алдын алу және КХДР әрекетін бақылауды мақсат етеді. 1986 жылы осы үлгідегі ұшақ Чернобыль АЭС апатынан кейін атмосфераны бақылау үшін Еуропаға жіберілген. Былтыр Солтүстік корея Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыра ұшырған. 2018 жылы Сингапурде алғаш рет АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өткен болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ын келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды.
Онда Пиоңяң Корей түбегін ядролық қарудан толық босатуға дайын екенін хабарлап, ал АҚШ оған қауіпсіздікке кепілдік беруе міндеттелген болатын. Саммит қорытындысы бойынша ядролық қарудан бас тартуға шешім шығарылып, қос тараптың бақылаушылары КХДР-дің ядролық бағдарламадан бас тарту туралы келісімін қадағалауы қажет. Алайда, америкалық барлау қос ел басшысы арасында уағдаластық болғанына қарамастан, КХДР ядролық қару жасауды әлі жалғастыруда деп хабарлаған еді.
Ал Солтүстік Корея тарапы АҚШ пен Оңтүстік Кореяны Корей түбегіндегі шиеленісті бәсеңсітетін келісімді бұзып, қайтадан әскери жаттығу өткізіп жатыр деп айыптаған.
Дереккөз: Qazaqtimes.com