Атырау, 26 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шешенстан депутаты Қадыровтың денсаулығы туралы айтты

2 266 просмотра


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығына байланысты "болмашы" қиындық туындады. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты Шамсаил Саралиев айтты.

"Кейде жай ғана тұмау мен суық тиюдің салдарынан өңір басшысына демалыс алуға тура келеді", — деп жазды Саралиев  өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, бұл уақытша жасалған шара. Елдің заңнамалық нормаларына сай келеді.

"Өңір басшысы сырқаттанған кезде арнайы құжат рәсімделеді. Оған сәйкес, үкімет төрағасы уақытша өңірді басқарады", — деді депутат.

Ол Шешенстандағы жағдай бұған дейінгідей Қадыровтың бақылауында екенін атап өтті.

"Ол өңірдегі жағдайды қадағалап отыр. Саяси процестерге қатысты ойын айтады. Маңызды мәселелерге байланысты шешім қабылдауды жалғастыра береді", — деді Саралиев.

Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өңір басшысы қызметіне уақытша үкімет төрағасы Муслим Хучиевті тағайындады. Ол өзінің уақытша "еңбекке жарамсыз" екенін айтты.

Емделіп болған соң саясаткер жұмысына қайта оралады. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

17 қаңтар 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.