Атырау, 11 желтоқсан 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бақытқа бөлейтін квота

1 663 просмотра

Атырауда сәбиге зәру жұптар саны  барған сайын көбейіп барады. Бүгінгі күні есепте бедеулікке шалдыққан 395 әйел  және 16 ер  адам есепте тұр. Алайда бұл тек ресми мәліметтер ғана.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВАНЫҢ айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасына 2010 жылы 3 квота бөлінді, 2011 жылы – 12,  2012 – 20. Биылғы жылға бөлінген квоталардың барлығы игерілді.

Жүктілік үшін ақы (ЭКО және оған қоса дәрі-дәрмек) әрбір нақты жағдайларға байланысты болады және 1 миллион теңгеге дейін барады. Квотаға қол жеткізгендер бұл процедурадан мемлекет есебінен өтеді. 

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ер адамдар бедеулігінің 16 себебін, әйелдер бедеулігінің 22 себебін анықтады, - дейді алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІБАЛИЕВА. - Біз соңғы жылдардағы мәліметтерді талдап, мынадай  қорытындыға келдік: шамамен жанұялық жұптардың  70% жағдайында дәстүрлі емдеу әдістерімен медикаментозды, консервативті немесе  хирургиялық  көмек көрсетуге болады, ал, балаға зәру жұптардың 30% репродукты технологияның көмегіне мұқтаж.

Анастасия ПАСТУХОВА

13 қараша 2012, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.