Атырау, 19 қараша 00:31
 ашықВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Қалпына келтірілді, бірақ...

3 373 просмотра

Мақат кентіндегі емхана ғимаратының қабырғасында тағы да жарықтар пайда болды.

Осы жылдың мамыр айында біз Мақат кентіндегі емхана құрылысының сапасыздығы жайында жазған болатынбыз Мақаттағы сапасыз құрылысқа кім жауапты?»). Осы мақаладан кейін бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ емхананы өз көзімен көріп қайтқан болатын. Әуелі ол Мақат ауданы әкімі Қилымғали ҚАЙНЕНОВТІ орнынан түсірді. Және тез арада олқылықтардың орнын толтыру жөнінде тапсырма берді.   

Алайда, арада тек жарты жыл өтті, ал емхана қабырғасында қайтадан жарықтар түсті. Бұл жолы оларды тез бітеп тастады.

Емхана қызметкерлерінің айтуынша, «Эксполинс» ЖШС мердігер мекемесінің жұмысшылары барлық жарықтарды бір түннің ішінде бітеген. Бірақ, оның қайта пайда болмайтынына кім кепіл?

Мақат поселкесінің әкімі Нұрлан ҚАЙЫРДЕНОВ емхана ғимаратын апатты жағдайда деп есептемейді:

- Жылу беру маусымы кезінде ғимараттың еден астындағы жылу құбырында ақау пайда болып, аздаған су кеткен. Соның салдарынан емхананың төменгі қабатындағы қабырғада ұсақ жарықтар көрінді. Біз мердігерге хабарлап, бұл жұмыстар дер кезінде қалпына келтірілді. Бұл емхана ғимаратының апаттық жағдайда екендігін білдірмейді,- дейді әкім.

Емхана ғимаратының тұрғызылғанына әлі жыл толған жоқ, ал құбырлардан су кетіп жатыр. Бұл жұмыстың оңғаны ма?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қараша 2012, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.