Атырау, 26 желтоқсан 22:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тағы да сараптама тағайындалды

2 040 просмотра

Жылыой аудандық перзентханасында өмірге келген қызының орнын өлген сәбимен ауыстырып қойған  деген болжам бойынша  құқық қорғау органдарының әрекет етпей отырғандығына көз жеткізген Сәуле БАПАЕВА ҚР адам құқығы жөніндегі ұлттық орталыққа жүгінді. 

АЖ бірнеше жыл қатарынан осы теңдесіз қылмыстық істің барлық өзгерісін қалтқысыз өз бақылауына алып келеді («Бала ауыстыру туралы іс» http://www.azh.kz/ru/news/view/2835, «6 томдық іс және жоғалған бала» http://www.azh.kz/ru/news/view/8905, «Үміт оты жылт етті» http://www.azh.kz/ru/news/view/9716,  «Шешілмеген түйін» http://www.azh.kz/ru/news/view/10630).

Жақында Сәуле адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтан жауап алды. Онда ҚР Бас прокуратурасы анаықтаған тергеу кемшіліктері Атырау облыстық прокуратурасының 17.08.2012 жылы болған жедел отырысында қаралды делінген және кінәлі лауазымды тұлғалар аталған. Ал, осы қылмыстық істің жүргізілуіне тиісті бақылау жүргізбегені үшін Жылыой ауданының прокуроры кезектен тыс аттестаттау нәтижесі бойынша лауазымды қызметінен босатылды. Әңгіме Жылыой ауданының бұрынғы прокуроры Алмаз ШЕРКЕШБАЕВ туралы болып отыр.

«20.08.2012 жылы облыстық прокуратура істі толық және жан-жақты нақты тергеу жүргізу үшін ІІД облыстық тергеу басқармасына жолдады», - деп хабарлады Ұлттық орталық директорының міндетін атқарушы Ришат РАХИМОВ.

Осы жылдың қазан айының ортасында облыстық прокуратура С.Бапаеваға іс бойынша кезекті сот- медициналық сараптама тағайындалғандығы жөнінде хабарлады. Оны жүргізу «Сот сараптама орталығы» РМҚК (Астана қаласы) сараптамашыларына тапсырылды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 қараша 2012, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.