Атырау, 26 қараша 18:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Отставканың мәні: Ресей үкіметі шетелдегі байлығының қызығын көруге кетті

4 302 просмотра


Ресейде Путин мемлекеттік орган басшыларының қос елдің азаматтығымен жүруіне тыйым салған соң, үкімет: "Ресейден аларымызды алдық, енді өз жөнімізбен кетейік" деп шешті. Сөйтіп толық құрамымен отставкаға кетті, деп пайымдайды желіде сарапшы Ибраш Нүсіпбаев.

Бір қызығы, отставка туралы арызын бірінші болып премьер Медведев жазды.

– Бұл түсінікті. Өйткені олардың ұрланған миллиардтары, виллалары, балалары мен әйелдері, тоқал-ашыналарына дейін шетелде ғой. Ресей олар үшін ақша табатын жер ғана. Сайып келгенде, үкіметтегілер Ресей мен оның халқына қызмет етуді емес, миллиардтаған ақшасын таңдады, – дейді ол.

Алайда Путиннің Медведевті әзірге жібере қоятын түрі жоқ.

– Өйткені Дмитрий Медведев тым көп құпияны біледі. Шетелге барып алып, небір құпияны жария етіп жіберуі де ғажап емес. Жұрт Путин Медведевті күшпен алып қалды деп ойлап қалмау үшін оған Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары деген жаңа лауазым ойлап тапты. Енді Медведевті маңызды істерге жолата қоймас, шетелге де шығармас. Әрине, қалжың ғой мұның бәрі, алайда оның ішінде шындықтың да үлесі бар, - деп аяқтайды ол жазбасын.

Дереккөз: Zakon.kz

16 қаңтар 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.