Атырау, 26 қараша 18:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кузбасстағы сот ғимаратында атыс болды

2 388 просмотра


Кузбасстағы сот ғимаратында атыс болып, сот приставы мерт болды, әйел адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

«Ер адам жедел жәрдем көлігінде қаза тапты, оның іші жараланған, ауыр зақымдану шогын алғандықтан жағдайы нашар болатын»,- деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер. Жараланған әйелдің жағдайы ауыр. «Әйелге ота жасап жатыр, дәрігерлер күресуде, бірақ ота күрделі болады»,- деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, ота бірнеше сағатқа созылады. Әйелдің бетіне оқ тиген, сонымен қатар ол аяғының төменгі жағынан жарақат алған. Аймақтың құқық қорғау органдары дереккөздерінің бірі атысты сотталушыларының бірі жасауы мүмкін деді. 

«Алдын ала болжам бойынша, оқ атқан адам – сотталушы, сот отырысы кезінде оған әлдене ұнамаған, ол сыртқа шығып, көлігінен қару алып, қайтып келіп оны тоқтатпақ болған приставқа оқ атты. Сот залына келіп тағы бір адамға оқ жаудырды, болжам бойынша, ол – куәгер», - деді агенттік өкілі. Оқ атқан адам 1975 жылы дүниеге келген, ол ұсталды. Новокузнецктегі Энтузиастар көшесіндегі ғимаратта болған атыс туралы хабарлама жедел жәрдем қызметіне бейсенбі күні 9:20-да түскен.


Дереккөз:  Inform.kz

16 қаңтар 2020, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.