Атырау, 26 қараша 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Қытай пневмониясы Жапонияға жетті

2 284 просмотра


Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты, - деп хабарлайды Kyodo.  

Ер адам жақында ауру ұшқыны байқалған Қытайдың Ухань қаласында болып қайтқан. Бүгінде ол ауруханадан шыққан. Жапония билігі мәлімет жинау мақсатында жедел штаб құрып, вирустың көзін жою шараларына кірісіп кеткен.  Қытайлық эпидемиологтар Ухань қаласындағы пневмонияның тарауына жаңа коронавирус себеп болғанын анықтаған. Ол тек өкпенің қабынуына әкеліп соқпайды, сонымен қатар, өмірлік маңызды органдардың қызметін тоқтатуы мүмкін. Көбіне науқас қалтырау және тыныс алудың қиындағанына шағымданады. 

Дәрігерлердің айтуынша, осыған дейін бірнеше адам аурудың бұл түріне шалдығып, бір адам көз жұмған. Сонымен қатар, науқастармен тікелей байланыста болған медицина қызметкерлері де бақылауға алынған.  Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 қаңтар 2020, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.