Атырау, 22 қараша 14:21
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқығын қорғау жөніндегі кеңесіне мүшелікке сайланды

4 230 просмотра

Нью-Йорк. 13 қараша. BAQ.KZ - Дүйсенбі, 12 қараша күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 67-сессиясының шеңберінде БҰҰ Адам құқықғын қорғау жөніндегі кеңесінің сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Кеңес мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның кандидатурасына 183 мемлекет дауыс берді. БҰҰ АҚК-не бұл сайлауда барлығы 18 жаңа мемлекет мүше болып сайланды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі 2006 жылдың 15 наурызында құрылды. Аталмыш кеңес адам құқықтарын қорғау саласында жетекші халықаралық орган боп табылады. Кеңес құрамына 47 мемлекет кіреді. Олар географиялық тұрғыдан әділ бөлу негізінде сайланады.
Дерекөз:
baq.kz

13 қараша 2012, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.