Атырау, 26 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Трамп: АҚШ Ирандағы режимді өзгертуге ұмтылмайды

1 953 просмотра


АҚШ Ирандағы режимді өзгертуді мақсат етпейді, бірақ елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп Висконсиндегі кездесуде мәлімдеді. 

Тікелей трансляцияны америкалық телеарналар жүргізді. Трамп сөзінде: «Ирандықтардың барлығы дерлік ереуілге шықты. Мұндай бұрын-соңды болмаған. Олар режим қолдан жасап отырған қуғын-сүргініне наразылық білдіріп, жарқын болашақты, ұлы адамдардың билік етуін талап етіп отыр. Халық биліктің Иран байлығын тонап, зорлық-зомбылық және соғыс жасауынан шаршады. Мен Иран үкіметіне наразылық білдірушілерді қуғындамауды, өлтіруге жол бермеу керектігін ескертемін. Иранды бүкіл әлем бақылап отыр», — деді. Трамптың айтуынша, «мыңдаған наразылық білдірушілер» қазірдің өзінде құрбан болған. «Біз Иран халқын және олардың бостандық үшін күресін қолдаймыз. Иран режимін өзгертуді мақсат етпейміз», — деп аяқтады сөзін. Былтыр 15 қарашада Иранда газ бағасын литріне 30 мың риалға (шамамен $0,2) дейін көтеру туралы үкімет қаулысы күшіне енді. Бұл жанармай құнын үш есеге арттыруды білдіреді. Осыдан кейін наразылық акциялары бірқатар қалаларда өтті. Демонстранттар банктердің кеңселері мен жанармай құю бекеттерін өртеді. Осы аптада Теһранда Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 8 қаңтарда украиналық ұшақты атып жібергенінен кейін бірқатар наразылық шерулері өтті. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

15 қаңтар 2020, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.