Атырау, 27 желтоқсан 01:33
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Челахқа қатысты сот ашық түрде өтеді - Бас прокуратура

1 649 просмотра

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет СҮЙІНДІКОВ «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталған В.Челахқа қатысты сот ісінің ашық түрде өтетіндігін мәлім етті.

- 2012 жылғы 31 қазанда кісі өлтіру мен басқа қылмыстарды жасау бойынша айыпталып жатқан Челах сотқа берілгендігі белгілі, - деді Н.Сүйіндіков. - Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабы бойынша айып тағылуда. Материалдармен танысу кезінде Челах істің алқабилердің қатысуымен қаралуы жөнінде өтінім білдірді.

Әрмен қарай ресми өкіл бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие болғандықтан, айыптау тарабы істің алқабилердің қатысуымен қаралу бастамасын қолдағандығын айта келе, сөзін былай деп жалғастырды:

- Дей тұрғанмен, бүгін, істі алдын ала тыңдау шеңберінде Челах және оның қорғаушысы істің сотта алқа билерінің қатысуынсыз қаралуы туралы мәлімдеді.

Бұл олардың құқығы.

Осыған байланысты, Челахқа қатысты іс сотпен алқабилердің қатысуынсыз қарастырылатын болады.

Прокуратура сотта жорамал мен өсек-аяңдарға емес, анық, шынайы деректерге сүйеніп, айыптаудың негізіне салынған жағдайларды дәлелдеуді көздеп отыр.

Бұл ретте, процесс барынша ашық жағдайда, істі қараудың жан-жақтылығы, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы принциптерін бұлжытпай сақтаумен өткізіледі.

Барлық мүдделі тұлғалар сот отырысына қатыса алады, бұл баршаға қылмыстық іс материалдары негізделген фактілер мен дәлелдемелерді шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

ҚР Бас прокуратурасы

12 қараша 2012, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.