Атырау, 27 сәуір 02:46
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру талап етіледі

2 389 просмотра


Ол көлігін газбен от алатындай етіп, қайта жабдықтағандардың барлығы осы белгіні тағу жүру керектігін баса айтты.

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев газға көшкен көліктердің арнайы белгісі әзірленіп қойғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көліктерге тағылатын бұл белгіні Әкімшілік полиция комитеті әзірледі. Автокөлікті бензиннен газға ауыстырған кезде, техникалық құжатқа бұл туралы мәліметті міндетті түрде тіркетесіз, сондықтан, соған сәйкес бұл белгіні автоматты түрде іліп жүресіз", - деді ол.

Ол көлігін газбен от алатындай етіп, қайта жабдықтағандардың барлығы осы белгіні тағу жүру керектігін баса айтты.

"Мысалы, бұрын "шина" белгісі болған, сол сияқты бұл белгіні де көлікке жабыстыру талап етіледі. Мұндай белгісі бар көлікті, мысалы, сауда орталықтарына кіргізбейді. Сондай заң бар. Белгі қазір дайын. Бұл - "газ" деген жазуы бар қызыл үшбұрыш", - дейді бұл жайттты түсіндірген Дұзақбаев.

Дереккөз: Zakon.kz

15 қаңтар 2020, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.