Атырау, 20 сәуір 07:50
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жолаушылар билеттің ақшасы қайтарылмаған жағдайда Bek Air-ді сотқа бере алады

1 903 просмотра


Қазақстандықтардың бұрын сатып алынған Bek Air әуе билеттерін қайтаруға толық құқығы бар екені мәлімденді. Егер жолаушылар өз қаражатын қайтаруда қандай да бір қиындықтарға тап болса, олар компанияны сотқа бере алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚР МИИР баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Bek Air Z9 жеке кодына ие. Бұл идентификаторды жойылған рейстердің билеттерін қайтаруға әсер етпейді.

Әуекомпанияның күші жойылған рейстеріне билет сатып алған қазақстандықтар төленген толық соманы қайтарып ала алады.

Қайтаруды орындамаған немесе одан бас тартқан жағдайда компанияны сотқа беруге және материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға болады.

Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.

Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.

Сонымен бірге, апатқа ұшыраған ұшақ командира Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева алғаш рет сұхбат берді. Әйел адам тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесіне мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін емес екенін айтқан.

Мұратбаеваның сөзінше, ағасы ұшқыш болуды бала күнінен армандаған. Мақсатына жету үшін аянбай тер төккен ол 40 жыл бойы 20 мың сағаттан астам уақыт әуеде болған.

Дереккөз: Nur.kz

15 қаңтар 2020, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.