Атырау, 29 наурыз 18:57
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Шымкентте әкімдер мен басқарма басшылары жаппай абақтыға жеткізілді

Бейнежазба
3 858 просмотра


Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары осылайша шенеуніктерге түрме туралы ескертіп, параға жоламайтындай қылмақшы. 

Нариман Қасымбеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы: 

- Былтыр бізде 60 факті тіркелді осындай жемқорлыққа қарсы іс, қылмыс, осындай жемқорлыққа қарсы ісқимыл жасаған.  Шок қылу емес. Басты мақсат – осы жердегі жаңағы жағдаймен таныстыру және де қылмыс осындай жемқорлыққа қылмыстардың алдын алу. 

- Егер жемқор болсаңдар, осы жерге түсесіңдер деген сияқты көрсету ме? 

- Солай десек те болады. 


Шымкентке қарасты  төрт аудан әкімі мен олардың орынбасарлары, 22 басқарманың басшысы мен қосшысы бар 60-тан аса шенеунік түрмеге арнайы автобуспен жеткізілген. Көліктен түсе сала, көпшілігі бірден медициналық маска киіп, көзін тұмшалап әуреге түсті. Оларды абақты бастығы түрменің ұзын дәлізімен ертіп жүріп, камералар мен әр бөлімін көрсетті. Қазір мұнда жазасын күтіп отырған 490 адамның 40-тан астамы бұрынғы мемлекеттік қызметкер екен. 

Өкінішке қарай, қазіргі шенеуніктер экс-әріптестерімен кездесе алмады. Бір сағаттай уақытша қамау абақтысында болған шымкенттік шенеуніктер түрме есігі ашылар-ашылмастан тұра қашты. Көргені ұнамаған болуы керек, әйтеуір сұхбат беруге келгенде бәрі тілден айрылды.  

- Маскаңызды шешуге бола ма? 

- Нең бар менің маскамда? 

- Енді бетіңізді түсірейік те, жасыратын нәрсе жоқ шығар мына жерде. 

- Мен жақтырмаймын микрофонды. 

- Жәй ашық сұхбат алуға, ойыңыз қандай?  Түйген ой болды ма сіз үшін? 

- Жо жоқ, ештеңе болған жоқ. 

- Енді мен не айтам? Қандай әсер болды деп. Қуанышты әсер болды деп те айта алмаймын. Отырған жерлерімен танысып шықтық. 

- Қорқынышты ма? 

- Қорқынышты. 

- Ішіңізден бірдеңе айттыңыз ба, Құдай сақтасын дегендей. 

- Жоқ, ештеңе айтқан жоқпын. 

Дереккөз: ktk.kz

15 қаңтар 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.