Атырау, 26 қараша 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Иран Жоғары соты Трампқа қарсы шағым түсірмек

2 204 просмотра


Иран жоғары соты АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы шағым түсіріп, айып тақпақ. Бұл туралы «Тасним» агенттігі хабарлады. Агенттік таратқан жаңалықта Иран жоғары сотының нақты қай органға шағым түсіретіні әзірге белгісіз делінген. 

АҚШ өз әскери базаларына жасалған шабуылдан кейін 11 қаңтарда Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізген болатын. Экономикалық шектеулер өндірістік, тоқыма, тау-кен және құрыш құю салаларына қарсы бағытталды. Осы уақытқа дейін металлургия санкциялар салынбаған Иранның соңғы экспорттық саласы еді. Қатаң қаулыға іліккендер қатарында Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Шамхани, Иран карулы күштері қолбасшысының орынбасары Реза Аштиани, Ислам революциясы корпусының «Басидж» жасағының басшысы Големреза Сүлеймани бар. 

Уашингтон Қытай мен Сейшель аралдарында орналасқан 17 тау-кен және металл компаниясына, металл саудасымен айналысқан кемеге де санкция салды. Санкциядан бөлек, Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иран режимінің қосымша табыс көздеріне шектеу қойды. Бұл шектеулер Иран экономикасына орасан зор шығын әкелді. АҚШ мәліметінше, Иран экспорттан түсетін табыстың 80%-нан айырылған. Еске сала кетейік, АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі алдында 31 желтоқсанда наразылық шарасы болып, шерушілердің алды елшілік ғимаратына шабуылдаған. Америка бұл наразылықтың артында Иран тұр деп есептейді. Наразылық АҚШ күштерінің Ирактағы және Сүриядағы шабуылында шиит мұсылмандары қаза тапқаны туралы мәлімет тараған соң тұтанған еді. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

14 қаңтар 2020, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.