Атырау, 24 қаңтар 16:07
Кешке ашық-6, түнде -8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 377.86  € 418.74  P 6.10

Ақтөбеде 700 мың теңге пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

14 қаңтар 11:23


Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» РМК «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының м. а. сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖКД-нің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының м. а. қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алғаны үшін күдікті деп танылуда. Күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне және кінәсін мойындауына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. ____________________ И.о. директора филиала «Енбек-Актобе» РГП «Енбек» КУИС МВД РК подозревается в коррупции Антикоррупционной службой совместно с собственной безопасностью ДКУИС по Актюбинской области начато досудебное расследование в отношении и.о. директора филиала «Енбек-Актобе» РГП на ПХВ «Енбек» КУИС МВД РК по подозрению в совершении коррупционного преступления. Он подозревается в получении денежных средств в сумме 700 тыс. тенге от представителя ИП за общее покровительство при перечислении бюджетных средств за благоустройство парка в г.Кандыагаш Мугалжарского района. Процессуальное задержание не применялось, в связи с признанием вины и дачей подозреваемым и его защитником обязательства о явке. Досудебное расследование продолжается. Окончательное решение о степени виновности подозреваемого будет вынесено судом. #AntikorKzVideo #anticorruption
Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan)

"Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджеттен ақша аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ, қорғаушысымен бірге келу туралы міндеттеме бергендіктен, процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің кінәсі қандай дәрежеде екенін сот анықтайды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

469 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3

Последние новости