Атырау, 27 шілде 05:13
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Ермұхамбет Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының қызметіне тағайындалды

2 305 просмотра
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхан Ертісбаев Қазақстан футбол федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті директорының қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен аталмыш ұйымның бас хатшысы Саян Хамитжанның журналистермен кездесуі барысында қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің директоры Ермұхан Ертісбаев таныстырылды.

Ертісбаев Ермұхамбет Қабыдинұлы (1956 жылы 19 қарашада дүниеге келген) ҚР-ның мемлекеттік қайраткері, саяси мәселелер бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі, 2006-2008 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болды, саясат ғылымдарының докторы, профессор.

Дереккөз: inform.kz

12 қараша 2012, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.