Атырау, 26 желтоқсан 13:40
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Челах алқа билер сотынан бас тартты

2 104 просмотра

ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанның қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылған шекарашы Владислав Челах  алқа билер сотынан бас тартты, деп хабарлады журналистерге Владиславтың қорғаушысы Серік Сәрсенов.

«Челах алқа билер сотынан бас тартты», - деді тілшілерге Сәрсенов.

Бұрын ол қорғаудың алқа билер сотының әділ болатындығына сенінкіремейтіндігі туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, Сәрсеновтың айтуынша, оған судьялардың алқа билерге қысым көрсету фактілері мәлім.

Дүйсенбіде  Талдықорған гарнизондық әскери сотында қызметтестерінің өлімінде жалғыз айыпты болып отырған сарбаз Владислав Челахтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтеді, деп күтілуде. Сот отырысы алдындағы тыңдауларда сотқа алқа билердің қатысып, қатыспайтындығы белгілі болады.

Мамырдың аяғында шекара жасағы «Арқанкерген» шекара заставасының өртенген ғимаратын анықтады. Онда 15 адамның денесі, соның ішінде 14 шекарашы мен аңшының денесі табылды. Соңғы шекарашы қарағандылық Владислав Челах тауда жүрген жерінен қолға түсті.

Тергеу деректері бойынша, Челах қызметтестерін және қорықшыны өлтіріп, кейін шекара бекетін өртеп жіберген. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға себебі «ішкі дау-жанжал және оның санасының түсініксіз жағдайы» болған. Шілде айының соңында шекарашы Владислав Челах «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтірді деген айып бойынша берген түсініктемесінен бас тартты.

Дереккөз: newskaz.kz

 

12 қараша 2012, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.