Атырау, 26 желтоқсан 13:03
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстанда оқушыларға тегін сүт беріледі

2 245 просмотра

«Атамекен» палатасы оқушыларды отандық өндірушілердің сапалы сүтімен қамтамасыз ету бойынша «Мектептегі сүт» жобасын іске қоспақшы. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Атамекен» одағы» ҚҰЭП сарапшысы Талант Рамазанов хабарлады.

«Жобаның мәні 1 сыныптан 4 сыныпқа дейінгі оқушыларды сапалы сүтпен қамтамасыз ету және түс кезінде тегін 200 мл сүт беру болып табылады», - деді Т.Рамазанов.

Оның айтуынша, Ресейде оқушыларға сүт беру 42 өңірде әрекет етеді, Қазақстанда 2005 жылы іске қосылған бағдарламатек Батыс Қазақстан аумағында және Қапшағайда ғана жүзеге асырылуда.

«Біз аталмыш бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асыру үшін ұкіметтің арнайы жоба-қаулысын әзірлемекпіз. Бағдарлама, біріншіден, балалардың денсаулығына, екіншіден – өнімдерін сатып алу арқылы отандық өндірушілерге сату нарығын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді «Атамекен» одағының» сарапшысы.

Сүт өнімдерін өндіруші байқау арқылы іріктелетін болады, 2013 жылдың ортасынан бастап ілкі жобаның іске қосылуы, ал 2014 жылдан – бүкіл республиканың аумағында енгізу жоспарлануда.

Бүгінде «Мектептегі сүт» жобасы 1950-жылдардан бастап әлемнің 80 елінде жүзеге асырылады. 1970 жылдан бастап аталмыш жобаға «Tetra Pak» компаниясы қолдау көрсетеді.

Дереккөз: bnews.kz

12 қараша 2012, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.