Атырау, 17 ақпан 17:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Сүлеймани үшін кек қайтардық, енді шабуыл жасамаймыз - БҰҰ жанындағы Иран өкілі

3 262 рет қаралды


Иранның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мажид Тахт-Раванчи Тегеранның АҚШ-қа қарсы тағы әскери соққылар жасай ма, жоқ па, соған қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Ол барлық қадамдар Ислам революциялық күзет корпусының әл-Кудс арнайы күштерінің қолбасшысы Кассем Сулейманиге жасалған қастандыққа пропорционалды болғанын және оның аяқталғанын атап өтті.

"Егер АҚШ бұдан әрі Иранға қарсы қандай да бір әскери іс-қимылды тоқтатса, онда енді біз де мұндай әрекеттерге бармаймыз", - деді Тахт-Раванчи.

Дипломат Ислам республикасы БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес әрекет етіп, өзін-өзі қорғау құқығын қолданды дегенді де айта кетті.

Дереккөз: Zakon.kz

9 қаңтар 2020, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.