Атырау, 11 қараша 03:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Қазақстандықтар желтоқсандағы мерекелерді 6 күн тойлайды

9 056 просмотра

Қазақстандықтар желтоқсан айында 6 күн демалады. Бұл айда ҚР халқы мемлекеттік және ұлттық мерекелерді атап өтеді. Оның біріншісі – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі. Екіншісі - Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамы, деп жазады BAQ.kz.

1 желтоқсанға белгіленген Тұңғыш Президент күнін биыл алғаш рет мерекелейтін боламыз. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Биылғы жылдың 1 желтоқсаны сенбі күніне тура келіп тұр. Ал Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңның 5 бабында "Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады" делінген. 1-күні сенбіге тура келгендіктен, қазақстандықтар дүйсенбі, 3 желтоқсанда да демалады. Яғни, 5 күндік жұмыс аптасы бойынша қызмет ететіндер 1,2,3 күндері, алты күндік жұмыс режиміндегілер 1 мен 2-і күндері демалады.

Мерекелер туралы Заңға сәйкес елімізде Тәуелсіздік мерекесі екі күн тойланады. "Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда аталып өтеді" делінген заңның 2-бабында.

Биылғы жылы 16 желтоқсан жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан да бұл демалыс күні 18-желтоқсанға ауыстырылады. Сонда ұлттық мерекеде 16,17,18 желтоқсан күндері демалыс беріледі.

Дереккөз: bnews.kz

11 қараша 2012, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.