Атырау, 26 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Трамп Иранның соққысына қатысты мәлімдеме жасады

2 302 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерилер орналасқан Ирактағы әскери базаларына Иранның жасаған зымыран шабуылына қатысты мәлімдеме жасап, ұлтқа үндеу айтты. 

Президенттің сөйлеген сөзін телеарналар, соның ішінде RT тікелей эфирде таратты.

"Мен Президент лауазымында болған кезімде Иран ядролық қаруға ие бола алмайды", - деді Трамп өз үндеуінің басында. 

Оның айтуынша, АҚШ Тегеранға қатысты қатаң экономикалық санкциялар енгізіп жатыр. Иран өзінің мінез-құлқын өзгертпейінше сакнциялар өз күшінде қалады. Бұдан әрі президент Ирактағы базалар бойынша Иранның соққысы салдарынан америкалық әскери қызметшілердің ешқайсы зардап шекпегенін және шығынға ұшырамағанын атап өтті. 

"Бірде-бір америкалық шабуыл салдарынан қаза болған жоқ және зардап шеккен жоқ. Біздің барлық әскери қызметші қауіпсіз жерде", - деді Трамп. Ол шабуыл салдарынан зақым аз болғанын айтты. 

АҚШ президентінің айтуынша, "Иран шегінді, бұл бүкіл әлем үшін жақсы". 

"Біздің ұлы Қарулы Күштеріміз барлығына дайын. Иран мұны түсінеді. Әлем үшін бұл өте жақсы белгі", - деді ол. Телеэфирде Трамп Американың "үлкен және қуатты" зымырандары бар екенін атап өтті. 

"Біздің зымырандарымыз үлкен, қуатты, дәл, өлім құштыратын әрі жылдам. Көптеген гипердыбыс зымыраны құрастырылады. Бірақ бізде осындай керемет қару-жарақ бары оларды пайдалануымыз керек деген сөз емес", - деді Трамп. 

Оның пікірінше, "Американың әскери және экономикалық қуаты Тегеранға қарсы ең жақсы тежеуші фактор".

Трамп басқа да державаларға, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай және Ресей Иранға байланысты мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаратын уақыт келгенін мәлімдеді. Бұл тұрғыда Трамп Иранмен бұрын жасалған ядролық келісімді қайта сынға алды. 

Ақ үй басшысы Ресейді және басқа да бірқатар елді Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан бас тартуға, ал оның орнына Тегеранмен жаңа ядролық келісім жасауға шақырды. 

"Біз Иранмен әлемді қауіпсіз және бейбіт ететін келісім жасау бағытында жұмыс істеуіміз керек", - деді ол. 

Таяу Шығыстағы оқиғалардың ендігі жай-күйіне қатысты Трамп Иранның шегінуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, Президент Иранның мінез-құлқы өзгерген жағдайда Иран халқы мен мемлекет алдында жарқын болашақ ашылып, өркендейтінін атап өтті. 

Еске салайық, Иран генералы Касем Сулейманидің Бағдатта америкалық күштердің әуе соққыларынан қаза табуынан кейін Иран 8 қаңтарда Ирактағы екі америкалық әуебазаға шабуыл жасап, "Азап шегуі Сүлеймани" операциясының басталғанын жариялады. 

АҚШ нысандарына қарата "жер - жер" класындағы ондаған зымыран ұшырылды. Шабуыл нәтижесінде Эйн-әл-Асад әуебазасында орналасқан бірнеше жойғыш ұшақ зақымдалды. Басқа ақпараттарға сенсек, бірнеше ұшақ жойылған. Иранның Press TV телеарнасы 80 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 қаңтар 2020, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.